Наурыз мерекесі қарсаңында ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің ✓8 “Мирас” балабақша-бөбекжайы КМҚК-да “Армысың әз – Наурыз” атты іс-шара ұйымдастырылды. Ата-аналар да бұл шараға белсене қатысып, балаларға ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер таныстырылып, ұлттық құндылыққа толы кеш сыйладық.
Балалар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, Наурыз мейрамы туралы тереңірек мағлұмат алды. Ұлттық киімдер киіліп, әсем әндер шырқалып, би биленіп, түрлі ойындар ойнатылды. Бұл шара бүлдіршіндердің бойына туған елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты сіңіруге үлкен үлес қосты.Сонымен қатар, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлесе атқарған еңбегі балаларға ерекше әсер қалдырды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз!
Мереке құтты болсын⚜️