№8 «Мирас» балабақша – бөбекжайы» КМҚК –да Балалар жылы аясында «Қарақшының қазынасын іздеу жолында» атты квест-ойыны жүргізілді.
Қарақшы Джек –Воробей кемелердің құйыны балаларға қазына толы сандықты табуды ұсынды. Ол үшін олар қарақшылыққа ант берулері тиіс, сол себепті олар өздерінің ептілігін көрсетіп, басшыны тыңдап, айтқанын бұлжытпай орындауды үйреніп, нағыз қарақшы сертін берді.
Балаларды өте қызықты, әрі өте қиын, қауіпті теңіз саяхаты күтуде. Балалар қазынаны іздеу барысында қағазда белгіленген бағыт бойынша жүріп, алдарынан көптеген кедергілерді кездестірді.
Балалардың жолына кедергі жасап, қиындықтар тудырған іс-шара кейіпкерлерінің тапсырмалары балалардың бойында ептілік, батылдық, тапқырлық сияқты қасиеттерді дамытты. Кішкентай қазына іздеушілер Кикимора балықтарын аулады, аюдың жидектерін терді, Өрмекшіні оятпай өрмекшінің торынан өтті, бақамен бірге балшықта секірді. Міне алдарында – көптен іздеген сандық та табылды! Қазынаның орнында балаларды тәтті сый күтіп тұрды. Балалардың қуанышында шек жоқ!
Квест-ойын жылы достық қатынаста өтті. Іс-шара барысында екі ересек топ балалары достасып үлгерді, өз тобының мүшелеріне ғана емес, қарсылас топтың мүшелеріне де қолдау көрсетті. Барлық қатысушылар өте көп жағымды эмоция мен сезімге бөленіп, серігіп қалды!


