Skip to content

Отан Қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған тақырыптық музыкалық іс-шара

Отан Қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында №8 «Мирас» балабақша – бөбекжайы» КМҚК-да  балалардың әкелерінің қатысуымен тақырыптық музыкалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты – балаларға қазақстандық әскер, Отанымызды қорғайтын жауынгерлер туралы түсінік қалыптастыру, еліміздің Отан қорғаушыларының батылдығына мақтаныш сезімдерін ояту.

Балалар өз әкелеріне арнап мақтаныш пен махаббатпен өлеңдерін оқыды. Қыздар ұлдарға арнап көптеген тосын-сый дайындады: қалжың өлеңдерін оқыды, тақпақтар айтты, керемет би биледі. Балалардың біздің әскери күштер, жердегі бейбітшілік туралы әндері мерекені одан сайын әрлендіре түсті.